jasqazaq.kz

Қуатты өңір: Қаланың күре тамыры

31 мамыр 2023, 11:51

Бүгінде барлық жолдар Римге емес, Астанаға бастап барады. Қазақстанның тұс-тұсынан өзендердей өріліп келген олар Арқадағы сұлу шаһардың өн бойына қан жүгіртеді, тың серпін береді. Сосын қаланың күре тамыры күндіз-түні бір тынбай бүлк-бүлк етіп соғып жатады.

Қазіргі таңда Астана қаласы 1129 көшеден тұрады. Олардың жалпы ұзындығы 868,3 шақырымды құрайды. Бұдан бөлек, 60 инженерлік құрылыс бар, оның ішіне 8 жол-көлік айрығы, 9 жол өткелі, 24 автомобиль көпірі және 5 жаяу жүргіншілер көпірі, сондай-ақ 4 жол үсті және 9 жерасты жаяу жүргіншілер өткелдері кіреді. Бұған қаланың жыл санап емес, күн санап өсіп жатқанын қосыңыз.

Қаланың осы бағыттағы жай-күйі мен дамуы жөніндегі сұрақтарымызға «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ-нің Жол құрылысы және жөндеу бөлімінің басшысы Ербол Мұхтарұлы Ескендіров жауап береді.

— Ербол Мұхтарұлы, қаланың көркі көпірлер екені мәлім. Ендеше әңгімені Есілдің екі жағалауының тынысын аша түсетін осы құрылыс обьектілерінен бастасаңыз.

— Бүгінгі таңда Тәуелсіздік даңғылы бойымен Есіл өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысы қызу жүріп жатыр. Жыл соңына дейін көпір арқылы көлік қозғалысын қамтамсыз етуді көздеп отырмыз.

Сонымен қатар, Н.Тілендиев даңғылы мен Ш.Бейсеков көшелерінің қиылысында екі деңгейлі жол айрығының құрылысы салынуда. Перспективалы көлік айрығы аймағында қазір инженерлік желілерді тарту, көпірдің темірбетон тіректерін орнату сияқты жұмыстарды жүргізудеміз. Жоба 2 жылға есептелген. Ол жоспар бойынша 2024 жылдың соңына дейін аяқталмақ.

Бұдан бөлек, биыл 32 көпір құрылымдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарлануда. Атап айтсақ, «Беласар» көпірі, Мәңгілік Ел даңғылы – Сарайшық көшесінің қиылысындағы жол айрығы, «Арыс» көпірі сияқты көпір құрылымдарын жөндеу жұмыстарын қолға алдық.
Бөгенбай батыр даңғылы – Алаш тас жолы бойындағы көлік өткелі апатты деп танылды, осыған байланысты бұл учаске бойымен (сол жақ қапталы) көліктердің қозғалысы толығымен шектелген. Көпірдің апатты бөлігіне күрделі жөндеу жүргізу үшін оның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды. Ол үстіміздегі жылдың 1 қазанында аяқталуға тиіс.

— Қала ішіндегі жолдар мен жолаушыларға арналған тротуарлардың жай-күйі қандай?

— Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 54,3 шақырымды құрайтын 72 көшеге жолды орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Бүгінгі таңда қала бойынша жол-құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Көшелердің ішінара және толық жабылуы жүзеге асырылады. Бұл туралы ақпарат ресми дереккөздерде уақытылы жарияланады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Сондай-ақ 20 көшеге жаяу жүргінші жолдарын орнату көзделіп отыр. Жолаушылар қозғалысына сапалы қызмет көрсету үшін жыл соңына дейін барлығы 20 аялдама қалтасын жабдықтау жоспарлануда.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 113 арбаға арналған пандустар жабдықталды, жыл соңына дейін 300-ден астам пандусты жабдықтау жоспарда бар.

— Көлік қозғалысын реттеу мақсатында биыл қанша бағдаршам орнату жоспарда бар?

— Бүгінде Астанада 679 бағдаршам орнатылған, оның 279-ы зияткерлік көлік жүйесіне бейімделген, ал 574 бағдаршам бір орталықтан басқарылады. Оған қоса, біздің Басқарма зияткерлік көлік жүйесіне бейімделген тағы 57 бағдаршам орнатуда қолға алды. Бүгінгі таңда осындай 20 бағдаршам орнатылса, жыл соңына дейін тағы 37 бағдаршамды іске қосу ойымызда бар.

— Енді қаладағы қоғамдық көлік саласында қандай өзгерістер болады, сол туралы айтсаңыз.

— Қазіргі уақытта Астана қаласының қоғамдық көлік желісі 98 бағдардан тұрады, оның 71 қалалық, 27 қала маңы бағыттары. Жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың жалпы саны – 1127.

2023 жылы біздің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен автобус парктерінің бірлескен жоспарына сәйкес, жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында 400 автобус сатып алынбақшы. Қоғамдық көліктердің жұмысын жақсарту үшін бұл автобустарды төмендегі мақсаттарға бөлетін боламыз:
— 108 автобус жаңа 6 бағытты іске қосуға шығарылады;
— 237 автобус 196 кестелік бағытты ұлғайту үшін бөлінеді;
— 55 данасы жылжымалы құрамды жаңартуға кетеді.
Сонымен жылдың аяғында қалада барлығы 1488 автобус болады деп жоспарлап отырмыз.

Әңгімелескен Абзал Ибрагим,
Астана

Фото: Астана қаласы әкімдігі

13 мамыр, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
13 мамыр, 12:58
Туркестан: Борьба с саранчой продолжается
12 мамыр, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
12 мамыр, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
12 мамыр, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения
12 мамыр, 14:16
Туркестан: В Жетысайском районе завершаются работы по восстановлению вертикального дренажа
12 мамыр, 14:14
Туркестан: В Тюлькубасе прошел республиканский конкурс молодежного творчества
08 мамыр, 14:51
4 завода по переработке водосберегающих технологий расположены в Туркестанской области
07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті