jasqazaq.kz

Қуат Хамит: Жақсы ана болатын дұрыс қыздар жолықпай жүр

22 тамыз 2023, 15:43

Ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамит  «Берен» YouTube арнасына сұхбат беріп, неліктен үйленбей жүргенін айтты. 

«Бәрі Алладан ғой. Маңдайымызға жазылып қойған нәрсе шығар. Спорт, спорт, спорт деп жүріп, өзімді ұмытып кеттім. Алдыңғы жылдары араласып жүрген қыздар болатын. Танысып, сөйлесіп жүрген жақсы қыздар. Бірақ оларға: «Қазір үйленуге дайын емеспін. Сен тіпті Анжелина Джоли болсаң да, қазір үйленуге дайын емеспін. Өйткені менің алға қойған мақсатым, спорттағы жоспарларым бар. Осыларды орындамай, үйленуге дайын емеспін», — деп айтатынмын.

Қазір үйленуге дайын сияқтымын. Бірақ жолықпай жүр. Тәрбиенің бәрі анадан ғой. Қазіргі жас қыздарға қарасам… Бәрі емес, бірақ арасында ішімдікке, есірткіге үйірлері бар. Көбісі наркоман болып кеткен. Жастар бұзылған. Маған ақылды, қарапайым, иманды, бала-шағама жақсы ана болатын, әке-шешеме қарайтын, дұрыс қыздар жолықпай жүр. Бұл — шындық.

Әке болған соң ұлдарымның спортшы болғанын қалаймын, тәрбиелеймін. Сол мықты, ақылды ұлдарды тәрбиелейтін қыздар маған жолықпай жүр. Мүмкін, мен жақсы адамдар жүретін жерде жүрмейтін шығармын. Таңнан кешке дейін спортзалдамыз. Кешкі оннан соң шығамыз серуенге. Дені дұрыс адам бұл уақытта жүрмейді», — деді Қуат Хамит.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі