jasqazaq.kz

Қуаныңдар, қазақ елі, ерлермен!

05 ақпан 2025, 14:17

Қан майданда, отан үшін алыстың,
Оқ тисе де намыс бермей жарыстың.
Елің үшін отқа түсіп майданда,
Ұрпақ үшін жерді қорғап тырыстың.
Намысының ұшын бермей жауыңа,
Осалдығын көрсетпеуге тырыстың.
Қан майданда ерік бермей жауыңа,
Қазағымның кең байтағын алыпсың.
Елім жеңді, ертеңгіні ойлапты,
Бауыржандай атам бар деп тойлапты.
Елі үшін, жері үшін тайсалмай,
Қалың қолды аямастан жайратты.
Жеңіс келді батырлардың артынан,
Қан майданда төгілген көп қанынан.
Қуаныңдар, қазақ елі, ерлермен,
Рейхстагқа ту тіге алған Рақымжандай батырмен!
Майдандарда ерлік еткен ерлердің,
Мәңгі өмірін ел аузына салды да.
Тартысыпты талайлардың тағдыры,
Қиналса да ішіндегі жан нұры.
Ұрпақ үшін жан қиярдай болған соң,
Майдандарда көзге түскен таң нұры.
Өтті, кетті өмірінің жартысы
Майдандарда қалып кеткен хақысы
Өкпесі жоқ өміріне өлген сон,
Қайтып келмес батырлықтын хақысы.
Ризамын, шын ризамын бұл жеңіске
Бас иемін батырлардың рухына.

Бақытжан Біржанұлы Нұрбосын,
3650 әскери бөлімі атқыштар ротасы 2 взводы 3 бөлімшесінің сарбазы
Алматы қаласы

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі