jasqazaq.kz

Қуандық Бішімбаевтың ісін судья Айжан Құлбаева қарайды

26 ақпан 2024, 16:31

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев аса қатыгездікпен жасалған азаптау және кісі өлтіру бойынша күдікке ілінгені мәлім. Жоғарғы соттың сот кабинетіндегі мәліметке сәйкес, оның ісін судья Айжан Құлбаева жүргізетіні белгілі болды. Ол 2022 жылы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.

Айжан Құлбаева журналист Махамбет Әбжанның, бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевтің, экс-депутат Нұржан Әлтаевтың ісін жүргізген.

Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалағаны үшін Махамбет Әбжан 9 жылға, аса ірі көлемде пара алғаны үшін Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды. Ал бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиев ақырында кінәсіз деп табылып, ақталып шыққан болатын. Бірақ оларға қатысты үкімді Айжан Құлбаева емес, судья Кемеңгер Имашев шығарды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі