jasqazaq.kz

ҚТЖ Қытай мен Түркия арасын жалғамақ

11 сәуiр 2023, 11:17

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бағыты бойынша Қазақстан арқылы Қытай елінен Түркияға гуманитарлық көмек тиелген контейнерлерді жеткізеді.
Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.
«ТХКБ бағыты бойынша Қазақстан арқылы Қытайдан Түркияға шаттл-пойыздармен гуманитарлық жүктері бар 200 контейнер жеткізіледі. Қазақстан арқылы жедел жеткізу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды. Қазақстан аумағы бойынша пойыз рекордтық қысқа мерзімде – 90 сағатта жүріп өтеді.
Бірінші пойызда жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарды уақытша орналастыруға арналған шатырлары бар елу 40 футтық контейнер. Тағы 150 контейнер жөнелтіледі деп жоспарлануда. «KTZ Express» АҚ шаттл-пойыздардың операторы болып табылады. Шаттл-сервистің пайда болуымен ҚХР-дан Грузия порттарына дейін жүктерді жеткізу мерзімі үш есеге – 18 тәулікке дейін, Түркия порттарына – 25 тәулікке дейін қысқарды. Қазақстан аумағы арқылы жүк Каспий теңізіне (Ақтау порты), одан әрі Әзірбайжан, Грузияға Мерсин қаласына (Түркия) дейін жеткізіледі. Бұл тасымалдауды ТХКБ маршрутына қатысушы тараптар Түркияға гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде өтеусіз негізде жүзеге асырады», – деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура