jasqazaq.kz

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері жарты жыл ішінде 10 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстады

11 шiлде 2025, 12:36

Осы жылдың алғашқы алты айында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің қатысуымен заңсыз айналымнан 173 дана суық және атыс қаруы, оқ-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар 828 грамм есірткі заты табылды.

Ұлттық ұлан сарбаздарының көмегімен 73 із-түссіз жоғалған бала табылып, отбасыларына табысталды. Сондай-ақ ұландықтардың қатысуымен 24 өртті сөндіру және адамдарды құтқару оқиғасы тіркелді. Әскери қызметшілер 54 жоғалған зат пен 113 ұялы телефонды иелеріне қайтарып берді.

Қызмет атқару барысында сарбаздар жүрек талмасы, демікпе ұстамасы, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге, өзіне қол салуға әрекеттенген және суға батқан азаматтарға дер кезінде көмек көрсетті. Жалпы, алты ай ішінде Ұлттық ұлан әскери қызметшілері 32 адамға алғашқы медициналық жәрдем көрсетті.

Жыл басынан бері тыйым салынған заттарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағына өткізуге қатысты 77 әрекеттің жолы кесіліп, осыған байланысты 55 адам ұсталды.

Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзған 9 919 азамат ішкі істер органдарына жеткізілді. Олардың ішінде 379 адам — қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды.

Ұландықтар 343 мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті, бұдан бөлек 35 іздестіру жұмысына қатысты.

Жалпы, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуде батылдық пен жанқиярлық танытқан 190 әскери қызметші түрлі марапаттарға ие болды.

Айта кетейік, құқықтық тәртіп әскерінің жеке құрамы полициямен бірлесіп еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Бұл міндетті орындауға күн сайын 8 мыңнан астам ұландық атсалысады.

ҚР ІІМ ҰҰ Баспасөз қызметі

24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания