jasqazaq.kz

ҚР чемпионаты: Шымкенттік волейболшы қыздар жеңіске жетті

28 сәуiр 2023, 11:51

Қазақстан чемпионаты Орал қаласында өз мәресіне жетті.

Волейболдан әйелдер арасында Шымкент қаласының құрамасы жоғары лига бойынша ел чемпионы атанды. Қазақстан чемпионаты Орал қаласында өз мәресіне жетті. Сайыста шымкенттік волейболшы қыздар асқан басымдықпен жеңіске жетті. Құрама команданың бас бапкері Дидар Ұланқызы қыздарды екінші жыл қатарынан чемпиондық тұғырға көтеріп отыр.

Биыл бәсекелі сайыста «Шымкент» командасы ел чемпионы атанса, II-орынға Жамбыл облысының «Тараз» командасы қол жеткізді. ІІІ -орыннан алаң иелері Орал қаласының «Грация-КZ» командасы көрінді.

Осындай ел чемпионатында Шымкенттің биік тұғырдан көрінуіне «Шымкент жастар лигасы» жарысының үлесі орасан. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасы» жобасы қолға алынды.

Аталған жобаның мақсаты — мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау. Әр апта сайын мектеп оқушылары төрешілер бекіткен кестеге сәйкес, спорттық сайысқа түсіп, аудан аралық іріктеуге жолдама алуда.

Жобаның биылғы іріктеуінде Әл-Фараби және Абай ауданының мектеп қабырғаларында волейбол ойынан қыздар арасында тартысты ойын өтті.

Атап айтқанда: Әл-Фараби ауданы бойынша:
1. [А-тобы] — №47 мектепте — №17 және №47, № 9 және №11;
2. [В-тобы] — №18 мектепте — №8 және №18, №14 және №35; 3. [С-тобы] — №64 мектепте — №76 және №75, №6 және №76; 4. [Д-тобы] — № 62 мектепте — №1 және №62, №20 және №7.

Абай ауданы бойынша:
1. [А-тобы] — №86 мектепте — №5 мен №81, №87 мен №50;
2. [В-тобы] — №133 мектепте — №78 және №3, №122 және №26;
3. [С-тобы] — №137 мектепте — № 66 және №95, №95 және №137;
4. [Д-тобы] — №23 мектепте — №136 және №56, №125 және №60.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі