jasqazaq.kz

Қозғалмайтын, резеңке қолтырауын: Алматы зообағы қауесетке жауап берді (Видео)

19 қыркүйек 2023, 16:10

«Ол шын қолтырауын емес. Бұл жай резеңке шығар». Алматы хайуанаттар бағындағы ең ірі бауырымен жорғалаушы – кубалық қолтырауын Фидель туралы келушілер осылай дейді.

Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, шынында да, ол бірнеше сағат бойы қимылдамай, қозғалыссыз жатады.

«Фидель 1986 жылы туған, ол бізге 2001 жылы Латвия елінің Рига қаласындағы хайуанаттар бағынан әкелінді. Қазір 37 жаста және ұзындығы шамамен 2,5 метрге жетеді. Фидельдің рационында сиыр еті, тауық еті және балық бар. Фидель аптасына бір рет, кейде екі аптада бір рет қоректенеді. Себебі, біз тамақ үнемдейтіндіктен емес, ол апта бойы қозғалыссыз жатып, жегенін қорытады», — деп атап өтті зообақтан.

Табиғатта қолтырауындар аз қозғалатын өмір салтын ұстанады және күнделікті қоректенбейді.

«Мұндай сәттерін бізге келушілер суда немесе жағалауда тойымды түскі астан кейін жиі көреді. Қолтырауындар тамақты күнделікті жеп, шамадан тыс қоректенетін болса ол семіріп, жүрек, қан тамырлары мен асқазан-ішек жолдарының аурулары пайда бола бастайды. Қолтырауынды ұзақ бақылап, оған қарап тұрсаң анда-санда көзін ашып-жұмып, аузын қатты ашып, жауып тұратынын көруге болады», — дейді мамандар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматы хайуанаттар бағы (@almatyzoo)

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі