jasqazaq.kz

Қостанайда жедел жәрдем қызметкерін науқастың туыстары аяусыз соққыға жықты

19 желтоқсан 2024, 10:55

Оқиға Қостанайда болған. Фельдшер Әнел Баймурзинаны шақырту кезінде соққыға жыққан. Ол қазір ауруханада жатыр. Бұл туралы Azattyq Ryhy агенттігі Alau.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фельдшер Әнел Баймурзинаның айтуынша, ол түнгі ауысымдағы жұмысына кіріскен.

«Бізге «Тыныс алудың тарылуы. Жүрек» мәселесі бойынша шақырту түсті. Біз науқасқа барған едік бізді өте ашулы түрде қарсы алды. Бірден алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жұмысымызға кіріскен едік. Бірақ науқастың қыздары бізге кедергі келтіріп, егер біз бірдеңе жасасақ, бізді қарғап, түрмеге отырғызатынын айтып қорқытты. Науқастың тыныс алуы тоқтаған соң, біз реанимациялық шараларды бастадық. 30 минут қолымыздан келгенін жасадық, реанимация, бірақ нәтиже болған жоқ. Қайғыра көңіл айтуымызға тура келді. Олар маған тап беріп, тепкілеп, шашымнан жұлып, ұра бастады. Қасымдағы екінші фельдшерім мен жүргізушім мені қорғауға тырысқанмен, олар күштірек және агрессивті болды. Мен көмек сұрағаннан кейін жүргізуші қарама-қарсы пәтерге жүгіріп барып, көршілерінен полиция шақыруын өтінді. Міне, осы уақыт бойы олар мені шашымнан жұлып, ұрып жатты. Сосын көршімнің өзі көмекке келіп, мені бұл әйелдің қолынан аман алып қалды», – деп айтып берді Әнел Баймурзина.

Оның айтуынша, миы шайқалған, самайында гематома, іші көгерген, бетінің жұмсақ тіндерінде жыртылған із бар. Ол қазір ауруханаға жатқызылды.

Қостанай облысының полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде үй иелері мен дәрігерлер арасында жанжал туындап, оның барысында 41 және 51 жастағы әйелдер фельдшерге дене жарақатын салғаны анықталды», — деп хабарлады облыстық департамент.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. «Соққыға жығу» бабы бойынша тергеу басталды.

Фото: Azattyq Rýhy

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры