jasqazaq.kz

Қостанайда синтетикалық есірткі таратқан қылмыстық топ құрықталды

30 қантар 2024, 10:31

Қостанай облысында полицейлер синтетикалық есірткі таратқан қылмыстық топты құрықтады. Polisia.kz хабарлағандай, төрт күдікті қамауда отыр. Алдын ала келісу арқылы есірткіні заңсыз өткізгені үшін қылмыс жасағандардың мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Қылмыстық істің қатысушылары аймақ аумағында “синтетиканы” таратумен айналысқан.
Полицейлер 300-ден 500 граммға дейінгі есірткі партиясын алған жас ерлі-зайыптылар, үйлерінде zip пакеттерге шағын дозаларға салып, одан әрі “қойып кету” арқылы таратқандығы анықтады. Әрқайсысында осындай 30-40 пакет болған. Қара нарықта синтетикалық препараттың жарты келісі шамамен 15 миллион теңгені құрайды.

– Біз 300 грамнан астам синтетикалық есірткіні, ақшаны және травматикалық қаруды тәркіледік. Заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Қылмыскерлердің айтуынша, бұл мефедрон мен PVP болды, – деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.
Қостанай облысының ПД өткен жылы заңсыз айналымнан 430 келі есірткі, оның ішінде 10 келіден астамы синтетикалық есірткі тәркіленгенін атап өтті.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі