jasqazaq.kz

Қостанайда науқастың шабуылынан кейін дәрігер комаға түсті

17 шiлде 2025, 16:41

Қостанай облыстық ауруханасында науқас дәрігерге шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Науқастың шабуылынан дәрігер есінен танып қалды.

«Күрделі отадан кейін хирург кезек бойынша науқастарды қабылдау үшін қабылдау бөлмесіне түсті. Кезекте үшінші тұрған науқастардың бірі өзін агрессивті ұстады. Ол дәрігерді ұрды, соның салдарынан дәрігер есін жоғалтты», – деп хабарлады ауруханадағылар.

Дәрігер жансақтау бөліміне жатқызылды, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Оқиға орнына жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін полиция қызметкерлері келді.

«Бұл – күн сайын адам өмірін сақтап қалғандарға қарсы жасалған қылмыс. Біз әділ тергеуді талап етеміз және медицина қызметкерлерін құрметтеуге шақырамыз!» – деді аурухана әкімшілігі.

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы