jasqazaq.kz

Қостанайда АН-2 санавиация ұшағы апатты жағдайда қонды (Видео)

05 ақпан 2025, 19:23

Бүгін қатты боран кезінде Арқалық қаласынан 1,5 км қашықтықта, әуежай маңында, Қостанай – Арқалық бағытындағы АН-2 санитарлық авиация ұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған.

ТЖМ мәліметінше, әуе кемесінде төрт адам болған: екі ұшқыш және екі дәрігер. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Костанай облысының ТЖД өрт сөндірушілері жедел түрде оқиға орнына жіберілген.

Облыстық ТЖД мен Арқалық қаласында жедел штабтар құрылып, жедел желі жүйесі жұмыс істейді.

Құтқарушылардың жылдам әрекеттерінің арқасында ұшақтағы адамдар аман-есен табылып, Арқалық қаласына жеткізілді. Жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Inform.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі