jasqazaq.kz

Қостанай: шегірткеге қарсы 297 гектар жерде химиялық өңдеу жүргізілді

08 шiлде 2023, 14:40

 

6 шілдеде Қостанай өңірінің «Заречное» тәжірибелік-өндірістік шаруашылығының аумағында италиялық прус пен табындық емес шегірткелердің үйірі анықталды. Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының жетекшісі Дархан Әбдікәрімов бастаған мамандар тобы дереу сол жерге барды. Егістікті зерттеу нәтижесі Қостанай ауданының азғантай аумақтарында зиянкестердің таралғанын көрсетті.  Сондай-ақ жәндіктердің таралу қаупінің төмендігіне қарамастан, бұл ауданда және Қостанай қаласында аумақтарға химиялық өңдеу жүргізу туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қостанай облысында табын шегіртке зиянкестерінің болуына байланысты 1,7 млн гектар жер зерттелді. Италиялық прусқа қарсы қорғаныс шаралары 290,9 мың гектар жерде, азиялық шегірткеге қарсы 6,5 мың гектар жерде жүргізілді. Облысқа барлық қажетті препараттардың көлемі алдын ала жеткізілді. Табын шегірткелерінің дамуы мен таралуы циклдік сипатқа ие. Ауа-райы мен климаттық жағдайларға байланысты әр жылдары зиянкестер санының көбеюі мен  азаюы болды.

Мәселен, шегірткелердің ең ауқымды таралуы 2000 жылы тіркеліп, 7,1 млн гектар аумаққа тараған болатын. 2015 жылдан 2019 жылға дейін химиялық өңдеу алаңының 3,2 млн гектардан 567,6 мың гектарға дейін төмендеуі байқалды. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін табын зиянкестерінің таралуының көбейгені байқалады.

JQ-Aqparat

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі