jasqazaq.kz

Қостанай облысында жол жөндеу құнын негізсіз өсіргені анықталды

04 желтоқсан 2024, 11:59

Қостанай облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу мониторингі барысында жұмыстардың құнын негізсіз көтеру фактілері анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімдіктер ағымдағы және орташа жөндеу бойынша сметаға жоба сомасының 2 пайыз мөлшерінде күтпеген шығыстарды енгізген. Ал заңнамада мұндай шығындар көзделмеген.

Соның нәтижесінде жолдарды жөндеу құны 840 млн теңгеге өсті.
Сонымен қатар, сметаны қалыптастыру кезінде сметалық пайданы есептеу бойынша енгізілген өзгерістер ескерілмеген.
Жобалардың қымбаттауына әкелген 8 пайыздық ескі норматив қолданылған (жаңа — 5%).
Мониторинг көрсеткендей, мердігер орындаған жұмыстардың сапасын бақылау жолдардың кейбір учаскелерінде ғана жүргізілген. Әкімдіктер зертханалық зерттеулерден қандай жолдар өтетінін өздері таңдаған. Жыл сайын жөнделетін учаскелердің 20% -30% Ұлттық жол активтері сапасы орталығының филиалы тексермеген.
Меңдіқара ауданында «Боровская-Ұзынағаш» жолының 3 шақырымында ғана сынақ жүргізілген, оның ұзындығы – 28 шақырым.
Талдау қорытындысы бойынша Қостанай облысының әкімдігі шарттардың талаптарын қайта қарап, күтпеген шығыстар алынып тасталды. Мердігер ұйымдар 32 млн теңге көлемінде негізсіз алынған қаражатты өтеді. 2025 жылы жөнделетін жолдарды сараптамамен толық қамту жоспарланған.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі