jasqazaq.kz

Қостанай облысында су тасқынына қарсы барлық күш жұмылдырылды

07 сәуiр 2024, 18:24

Қостанай облысында ТЖМ, ІІМ,ЖАО, ҰҚК ШҚ және басқа да ұйымдардың қызметкерлері қатарынан барлығы 2237 адам, 390 бірлік техника, 142 бірлік мотопомпалар, 29 бірлік жүзу құралдары және 3 бірлік әуе кемесі күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Су тасқыны кезеңінде шамамен 771 822 мың м3 су, тәулігіне – 13860 мың м3 су сорылды. 72,799 мыңнан астам қап салынған. 7205 тонна инертті материалдар төгілді.

7487 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Оның ішінде 11 мүмкіндігі шектеулі адам және 1239 бала. Уақытша орналастыру пункттерінде 943 адам, оның ішінде 322 бала бар.

Еріген суды сору, қапшықтарды төсеу жұмыстары 9 өңірде жалғасуда (Жангелдин, Арқалық, Меңдіқара, Федоров, Денисов, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Әулиекөл, Б.Майлин, Қамысты аудандары, Арқалық, Қостанай және Рудный қалалары).

Су тасқынына қарсы іс-шараларға тәулік бойы дерлік көмек көрсететін, коммуналдық қызметтердің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының кезекші қызметкерлерін ыстық тамақпен және шаймен қамтамасыз ететін еріктілер, бей-жай қарамайтын азаматтар үлкен көмек көрсетеді.

Су тасқыны мониторингі бойынша жұмыс жалғасуда. Жағдай бақылауда.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі