jasqazaq.kz

«Қош бол, палуан». Олимпиада чемпионы атанған қазақ спортшысы АҚШ-та қаза болды

20 наурыз 2024, 10:44

2014 жылы Нанкинде өткен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, еркін күрес шебері Мұхамбет Қуатбек 27 жасында өмірден озды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі күрес парақшалары хабарлады, деп жазды massaget.kz.

Спортшы кейінгі уақытта жұмыс бабымен Филадельфияда (АҚШ) тұрған. Неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.

Мұхамбет Қуатбек Олимпиада ойындарынан бөлек, 54 килоға дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, 58 килоға дейінгі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2016-2017 жылдары жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола және күміс медаль еншілеген.

Ересектер арасында ірі жарыстарға 4 рет қатысқан. 2018 жылдан кейін турнирлерге қатыспаған.

Мұхамбеттің қаза тапқанын Қазақстан күрес федерациясының баспасөз хатшысы Аспандияр Есенжолов та растады.

«АҚШ-тан қайғылы хабар жетті. Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, еркін күрес шебері Мұхамбет Қуатбек бауырымыз көз жұмды. Балуанның неден қаза тапқаны белгісіз. Жақындарына көңіл айтамыз», – деді Есенжолов.
Қазіргі таңда спортшының туыстары Қазақстан және АҚШ елшілігімен бірге мәйітін елге жеткізу жайын қарастыруда.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі