jasqazaq.kz

Қош бол, қаламгер аға…

12 наурыз 2024, 10:58

Қазақ елі ауыр қазаға ұшырады. Белгілі жазушы, бірқатар басылымда бас редактор қызметін атқарған журналист Жұмабай Шаштайұлы дүниеден өтті.

Жұмабай Шаштайұлы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.

«Коммунизм жолы» газетінде, 1980-87 жылдары республикалық «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, 1987-90 жылдары «Жалын» журналында жұмыс істеді.

1990-92 жылдары «Қазақ тілі» қоғамы Алматы облыстық комитеті төрағасының орынбасары, 1992-96 жылдары «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде бөлім меңгерушісі, 1996-2002 жылдары халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінің бас редакторы болды.
2002 жылдан Қазақ радиосының бас редакторы қызметін атқарды. 2008-2017 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактор болды.

«Таң нұры» атты ұжымдық жинаққа «Қияда» атты алғашқы повесі енді. 1984 жылы шыққан «Қызыл қар» атты тұңғыш жинағы сол кездегі саяси басшылық тарапынан қатал сынға ілікті. «Жала мен нала» (1987 ж), «Жыр жолбарыс» (1996 ж), «Біздің заманның Аяз биі» (1997 ж), «Жаңғырық» романы (2004 ж), таңдамалы 2 томдық жинағы (2010 ж) және «Аяз би» романы «Жазушы» баспасынан қайта басылып шыққан (2013 ж).

Жұмабай ағамыздың жарқын бейнесі халқының жадында мәңгі сақталады.

Jas Qazaq марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты