jasqazaq.kz

Қосалқы станциялар қуат көздеріне тәуелділіктен арылтады

16 мамыр 2023, 10:44

Үшінші мегаполисте жаңадан бу-газ электр станциясы салынады. Станцияның құрылысы биыл басталып, 2026 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Бүгінде техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттамасы дайын.

Жаңа электр станциясының қуаттылығы сағатына 550 МВТ электр қуатын өндіруге жететін болады. Станцияның құрылысын «3-Энергоорталық» акционерлік қоғамы және оның құрылтайшысы «Еуразия тобы» компаниясы жүзеге асырмақ. Шымкент қаласының өзектендіріліп жатқан жаңа Бас жоспарында көрсетілген есептеулерге сәйкес, 2030 жылға қарай шаһар сағатына 545,7 МВт электр қуатын тұтынатын болады. Демек, жаңа электр станциясы аталған проблеманы толық шешіп, Шымкентті сыртқы қуат көздеріне тәуелділіктен арылтады.

Шымкент қаласының әкімдігі шаһарды сапалы электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында мұнан өзге де ауқымды жұмыстарды атқарып келеді. Мәселен, соңғы 5 жылдың ішінде қалада 4 қосалқы станция салынды. Мұнан бөлек 2022-2027 жылдары аралығында бюджет есебінен қала аумағында 6 дана қуатты таратушы қосалқы станция салу жоспарланған. Олар «Ынтымақ», «Қызылсу», «Жұлдыз», «Тұран», «Шымсити» және көлік логистикалық орталығындағы салынатын болады.

Қазақстан бойынша электр энергиясының тапшылығы сезілуде. Нақты айтқанда еліміздің 17 өңірінің тек үшеуінде ғана жарық қуаты жеткілікті болса, қалған аймақтарда жарық жиі сөніп, абоненттерге кезекпен беріліп келген болатын. Әсіресе, мұндай келеңсіздік қараша айының басында Шымкенттегі шағынаудандарда жиі болды. Жауапты мамандар мұны электр энергиясын қолдану мөлшерінің күрт артуымен түсіндіреді.

Мысалы, жазғы мезгілде Шымкентке жалпы 315 МВт энергия қажет болса, жылу маусымында 375 МВт қажет. Соның ішінде 221 МВт – Екібастұз, ал 40 МВт – Жамбыл ГРЭС-інен, 50 МВт – Шардара станциясынан жеткізіледі. 40-150 МВТ қуатты Шымкенттегі 3-жылу-энергетика орталығы өндіреді. Қазіргі таңда Екібастұз станциясында жөндеу жұмыстары басталған, сондықтан, ол жақтан 221 МВт-тың орнына 120 МВт энергия жеткізілуде. Ал Шардара қоймасындағы судың деңгейі төмендеуінен ол станция 50 МВт-тың орнына небары 8 МВт өндіріп жатыр.

Қазір қаланың энергетика саласын кешенді түрде жаңғырту бастамасы қолға алынып, жүзеге асырылуда. Электр энергиясының сапасын жақсарту бағытында жарық сапасы төмен 16 елді мекендегі желілер жаңартылуда. Жеті шағынаудандағы құрылыс жыл соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде 21 мыңнан астам тұрғын тұтынатын электр қуатының сапасы артады. Ал алдағы бес жылда қала аумағында жалпы саны 10 қосалқы электр станциясы салынбақ.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде