jasqazaq.kz

Қорғаныс министрлігі: Әскерге көшеден еріксіз жеке көлікпен алып кету заңсыз

12 ақпан 2025, 16:21

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев әскери міндетін өтеуден жалтарып жүрген жастарды еріксіз көлікке тиеп алып кетуге қатысты түсінік берді.

— Әскерге шақыру алгоритмі бар, ол жергілікті әскери басқару, атқарушы органдар және полиция қызметінің қаулысымен бекітілген. Сіздер желіде тараған видеолардан бір бөлігін ғана көретін шығарсыздар, ал негізінде қызметтік куәлігін көрсетіп, көнбеген жағдайда ғана қолданылатын шара. Ішкі істер министрлігінің өкілі көлікпен алып кетуге міндетті. Бұл жерде Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері полицейлерге көмекші, — деді Шайх-Хасан Жазықбаев Мәжіліс қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері министрдің орынбасарынан әскерге шақырылғандарды көшеден жеке көлікпен алып кетудің заңдылығын сұрады.

— Болған екі жағдай бойынша қызметтік тексеру өтті, заң бойынша шара қабылданды. Бейнероликтегі жеке көлік мүмкін Қорғаныс министрлігіне тиесілі шығар. Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне тиесілі көліктермен тасымалдайды, жеке көлікпен тасымалдаса заңсыз, — деп толықтырды Ш. Жазықбаев.

Сондай-ақ, брифинг барысында Қорғаныс министрінің орынбасарынан Қазақстан әскері қашан толық қазақшаланатыны сұралды.

Фото: inform.kz

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды