jasqazaq.kz

Қорғаныс министрі генералдармен жиында не айтты?

20 қыркүйек 2024, 11:42

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов генералдар мен әскери шенділерді жинап, жеке құраммен жұмыстағы кемшіліктерін сынға алды. Tengrinews.kz жазғандай, редакцияға қорғаныс министрінің қол астындағыларға ұрсып жатқан сәт түсірілген кеңестің бейнежазбасы түскен.

«Жоғары шенді алу босаңсуларыңызға мүмкіндік бере ме? Әлде, өзіңдікіне қолдарың жетіп қойды ма?»,- дейді қорғаныс министрі.

Р. Жақсылықов қоғам әскерден жастардың өмірін сақтауды талап ететінін баса айтты. Министр командирлер өз қарамағындағыларға қамқорлық жасауға, олардың қызметі мен кәсіби өсуіне жағдай жасауға міндетті екенін ескертті.

«Кешіріңіздер, мен үнемі саусақ шошайтып, сіздердің тараптан бақылаудың жоқтығын көрсетіп отыруым керек пе?»- деді ол.

Айта кетейік, бүгін Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімінде тағы бір қайғылы оқиға орын алғаны хабарланды. Сол бөлімде қызмет еткен офицер үйінде өзіне қол жұмсаған. Бұл ақпаратты Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі растады.

JQ-Aqparat
Сурет: бейнежазбадан кадр

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі