Қоразбаев шәкіртіне қыздардың қарғысы тигенін айтты

29 мамыр 2023, 15:12

Мейрамбектің өнердегі ұстазы Алтынбек Қоразбаев шәкіртіне тіл-көз тиіп ауыратынын тілге тиек етті.

«Мейрамбектің артынан шырылдап жүгірген қыздар көп болды. Мейрамбекке кім ғашық болмады. Мейрамбек қатты ауырды. 80 келі салмақтан 60 келіге дейін арықтап, 20-25 келі салмақ тастады. Елдің бәрі «ана ауру, мына ауру, зоб екен» деп қай-қайдағыны айтты. Мейрамбекке көз тиді деп емші іздедік. Бүкіл қазақ ниеттес болды», — деді ұстазы.
Дертіне шипа іздеп Жапонияға барып, емделмек болды. Ол жақтың дәрігерлері емдеуден бас тартты.

Профессор Ержан Сәбитәліұлы: «2007 жылы емделуді бастадық. Германияға барып диагнозын анықтап келгеннен кейін қабылдауыма жазылды. Емге көнбей бара жатты. Жапонияға барып ота жасататын болып шешті. Жапон мамандарымен 3 ай бойы хат алмастым. Жапонияға аттанатын кезде дәрігерлеріне Мейрамбек туралы мәлімет бердім. Атақты әнші екенін айтқанда олар емдеуден бас тартты. «Бізге келмесін. Біз жауапкершілік алуға қорқамыз» деп хат жазып жіберіпті», — дейді.
Алайда Мейрамбектің өзі дертін қарғыс деп ойлаған жоқ.

«Баяғыда «сен үйленетін болсаң асылып өлемін», «мені алмасаң қарғаймын», «неге мен емес?» деген хаттар көп келетін. Бірақ ешкім өлген жоқ. Сөйтсем, қыздар да қорқытады екен. Мен оларды қарғыс деп есептемеймін. Жақсы көргеннен кейін солай деп айтқан болар. Салмағым 54 келі, он метр жүріп тоқтап, демалып жүрген кезім болды. Маған рак деді, басқа деді. Германияға барған кезде жай ғана зоб деді. Мені алдап тұр екен деп ойладым. «Рак болса, рак деп айтыңыз. Мені алдап, өтірік айтпаңыздар. Мен одан да күресейін» десем, олар шынын айтып, сөздерін дәлелдеп әлек. Қандай болса да, бәрібір күресемін деп ойладым», — дейді өнер иесі.

JQ-Aqparat

27 наурыз, 16:38
Ұсақ-түйек емес: шұлық өндірісіне де қолдау қажет!
27 наурыз, 12:30
Берік Солтанбаев: Алматыда кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау жасалып отыр
26 ақпан, 15:10
Дархан Мыңбай: Кәсіпкерден дәметіп күнелтетін масылдар, әкімдік есігінен сығалауға машықтанған тоғышарлар бар
26 ақпан, 12:34
Қазақ баспасөзі: Сантараулы салалық журналистика
25 ақпан, 14:23
Фатима Жүнісова: Диванда жатып, «мемлекет асырасын» дейтіндер жетістікке жете алмайды
22 ақпан, 15:50
Кәдірбек Құныпияұлы: Газет санасы сарабдал, ойлы да сауатты оқырманмен бірге мәңгі жасай бермек!
21 ақпан, 16:51
Масылдық психологиядан қалай арыламыз?
21 ақпан, 14:48
Мақсұтбек Пірметов: Бізге артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр
14 ақпан, 15:49
«Сізде болады. Бізге болмай ма?»