jasqazaq.kz

«Қолдаушы туралы ештеңе айтқан жоқ». Перизат Қайраттың қорғаушысы өз пікірін айтты

25 шiлде 2025, 16:31

 

Бүгін қайырымдылық мақсатында ақша жинап, өз игілігіне жаратқан Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға сот үкімі шықты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды. Сондай-ақ 50 азаматтық талап бойынша екеуінен 1,5 млрд теңге өндіріледі.
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаевадан жауап жабық режимде өтті. Қорғаушы Асланбек Даулетияров журналистердің сауалына жауап бергенде, Перизат Қайраттың кінәсі дәлелденбегенін алға тартты.
Ал «қолдаушысы кім екені сотта айтылды ма» деген қитұрқы сауалға: «Қолдау туралы ол айтып па еді? Жабық режимде алынған жауапты мен жария ете алмаймын. Ол өз қызметін ашық жүргізгенін, шынымен қайырымдылық іспен айналысқаны туралы айтып берді. Өз басым оны кінәсіз деп санаймын. Өйткені ешқандай дәлел келтірілген жоқ», — деді.
Сотта айыпталушылардың дүние-мүлкі тәркіленетіні жария етілді. Олар:
— «Vela Village» коттедж қалашығындағы үй;
— «Akbulak Riviera», «Sensata Plaza», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер (автотұрағымен);
— 2024 жылғы «Mercedes-Benz S450», 2024 жылғы «Lexus LX 600», 2023 жылғы «Mercedes-Benz EQE 500 4 matic», 2024 жылғы «Haval H6 GT»;
— «Rebel Flowers» ЖШС-ғы жарғы капиталындағы 100% үлес;
— 97 миллионнан астам теңге және 22 мың доллар.
JQ-Aqparat

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті