jasqazaq.kz

Қоқыс жәшігіндегі темекі: Маңғыстауда ірі контрабанданың жолы кесілді

10 желтоқсан 2024, 13:08

Көлік прокуратурасы мен кеден органдарының тексерулері кезінде құны ондаған миллион теңге болатын заңсыз экспортқа жол берілмеді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Маңғыстау облысында «Морпорт» кеден бекетінде контейнер тексерілген. Онда Ираннан келген қоқыс жәшіктерін желеу етіп, контрабандалық жолмен әкелінген Oris – темекілерінің үлкен партиясы жасырылған, жалпы құны 85,9 млн теңге болатын 226 мыңнан астам қорап табылды.

Осы дерек бойынша экономикалық контрабанда (ҚР ҚК-нің 234-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ал Жетісу облысындағы «Алтынкөл-Жол» бекетінде жеңіл панельдер деп көрсетілген құны 87 млн теңге болатын 400 мың қорап темекіні заңсыз алып өту әрекеті тоқтатылды. Жүк Польшаға жеткізілмек болған.
Түркістан облысында 17 көлікпен шекарадан өтпек болған 413 тонна ағашты заңсыз экспорттауға жол берілмеді. Қылмыскерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура мен кеден органдарының үйлестірілген жұмысының нәтижесінде экспорттық операциялардың заңдылығын бақылауға және мемлекеттің мүддесін қорғауға болады. Контрабандамен күресу жұмыстары жалғасып жатыр.

JQ-Aqparat

Фото: infopro54.ru

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі