jasqazaq.kz

Қоғамдық бірлестік кәсіпкерлерді қорқытып, 25 мың теңгеден жинаған

12 қараша 2024, 16:21

Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасының жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа келіп түскен сигнал бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестік басшыларының заңсыз әрекеті тоқтатылды.

Тексеру барысында прокурорлар екі басшының азық-түлік дүкендеріне барғанын және сатушылардан жарамдылық мерзімі өткен азық-түлік туралы бұзушылықтарды хабарламауы үшін ақша талап еткені анықталды.

Осылайша, қорқытып алу арқылы 7 кәсіпкердің әрқайсысынан 25 мың теңгеден иеленген.
Прокуратураның нұсқауы бойынша полиция органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сот үкімімен кінәлі тұлғалар ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі 2), 3) тармақтары бойынша адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған қорқытып алушылық үшін сотталды.
Сотталғандардан материалдық залал өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура қоғамдық бірлестіктердің бақылау-қадағалау функциялары жоқ екендігін ескертеді.

JQ-Aqparat
Сурет: Астана қаласының прокуратурасы

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі