jasqazaq.kz

Қоғам белсендісі Шоқан Төртуыл: Тамаққа тойып алғасын ыңыранып ән айту не әдет?

18 сәуiр 2023, 12:45

Ораза айында ауызашар беретін әншілер сынға қалды. Ауызашарды жоқшылықтағы адамдарға беру керек, дейді қоғам белсендісі Шоқан Төртуыл Фейсбуктегі парақшасында.

«Ораза—шоу» немесе қазақтың ауызашары…
Ораза—бардың қадірін арттыру;
Жоқшылықтағы адамдарға көмек беру;
Өлілер мен тірілер үшін дұғада болу;
Барыңа шүкір, жоғыңа жоспар жасау!
Қазақтар, әсіресе өнер атын жамылып жүрген өнерсіздер қылығына таңмын. Тоқ таныстарын жинап— тамаққа тойып алғасын ыңыранып ән айту не әдет? Камера алдында жалған амандасу, себепсіз күлу, бойында жоқ қасиетті бар етіп көрсету кімге керек? Осы иттірліктерінен бұзылып жатқан ұрпақ бар. Қиналған қазақ үшін — бар деп санайтын құдайларыңнан дұға тілеңдер, ақымақтар!
Сол халық қой сендердің фонограммаларың үшін миллиондап ақша төлейтін!
Салихалы әңгіме айтып, соны неге желіге жүктемеске?
Міңгірлемей қатты қатты айтып—қара су қара нан мен ауызашып отырған жанұялардың барын ескерту керек-қой осындайларға!
11 айда 11 рет қисық басқан, оразаның 1 айында 1 рет «түзу» басқан қадамдары бағыттарын түземейтінін де айту керек! Оразаны ұстадың ба — дұрыс ұста!
Дұрыс ұстай алмайсың ба, онда қоя қой, болды. Мәселе, жастарды жалғандыққа тәрбиелеп отырсыңдар! Ұғыңдар осыны!», деп жазды автор.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура