
ҚМГ БӨ акционерлерінің жаңа тізімінде артықшылығы бар акциялар мен бөлшектеу ахуалы көрінді.
«ҚазМұнайГаз Барлау-Өндіру» (ҚМГ БӨ) АҚ жай акцияларын 1 де 24 үйлесімінде бөлшектеуді өткізді. 7 желтоқсанда «Қазақстан қор биржасы» (KASE) сайтында жаиряланған компания акционерлерінің реестрлер жүйесінен алынған жазба осыны көрсетті.
Бөлшектеудің ықтимал мақсатының бірі – ҚМГ БӨ сатып алған ғаламдық депозитарлық қолхаттарды әлі де сатып алынған акциялардың есебіне (яғни эмитетке тиесілі) аударылмаған жай акцияларға айырбастау.
Жаңартылған реестрге сәйкес, жария етілген және орналастырылған жай акциялардың саны бұрын 70,22 миллион болса, қазір 1,35 миллиардтан сәл асқан. Ал жария етілген және орналастырылған артықшылығы бар акциялардың саны бұрынғыдай 4,13 млн.
«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқарма төрағасы Талғат Қамаров «Акцияларды бөлшектеу жай акциялар санының ұлғаюымен байланысты. Тиісінше, артықшылығы бар акциялардың баланс құнын нарық құнына қарай едәуір өзгертеді. Әйтсе де, нақты айту қиын. Өйткені компания нарықтан кетті. Компанияның ұсынысы бөлшектеуге дейін миноритарийлер үшін күмәнді болып көрінгендіктен, қайта сатып алуға ыңғай білдірмеді. Ал ағымдағы жағдайда оларға, керісінше, тиімді болары анық», — деген пікірде.
Бұған дейін Halyk Finance өз есебінде ҚМГ БӨ-нің артықшылығы бар акцияларын сатып алуы «ҚазМұнайГаздың» «операциялық активтерді басқарудың қос деңгейлі жүйесіне өтуі, соған сәйкес, ҚМГ өндіруші және мұнай қызметі компанияларын тікелей басқаруға көшуімен» байланысты» деп атап көрсеткен еді (компанияның тамыз айында ашық жарияланған есебіне сілтеме).
«Компания көпшілікке арналған нарықтан кетті, өз қоржынын шоғырландыру мүддесін көздейді. Бұл осы жоспар шеңберіне сай келеді, сондықтан миноритарий-преф иелеріне ҚМГ БӨ-дің сатып алу туралы ұсынысын қабылдағаны дұрыс. Себебі компания көпшілік нарықтан кеткенде ол осы акцияларын өз мүддесіне сай (бөлшектеуді қосқанда) пайдалана алады. Ұсыныстан бас тартқандар үшін бұл қауіпті», — дейді Halyk Finance зерттеу департаменті директорының орынбасары Станислав Чуев.
«ҚазМұнайГаз» алдағы ІРО-ға дайындық үстінде. Сондықтан өз құрылымын оңтайландыру аясында ҚМГ БӨ-ні жабу шешілген мәселе деп санайды Камаров. Бұл өз кезегінде акциялардың баланстық құны қаншалықты төмендеуі мүмкін, оны қолда «ұстап» отырудың қажеті бар ма деген сауалды алға тартады.
«Артықшылығы бар акциялармен не болары түсініксіз, — дейді Чуев. – Оның ҚМГ ҰК акцияларына конвертациялануы екіталай, әсіресе, сол акция иелері үшін тиімді шартпен. Теориялық тұрғыдан олардың (яғни артықшылығы бар акциялар) құны әжептәуір құлдырауы мүмкін. Ал өтімділігі төмен болған жағдайда, оларды кім сатып алғысы келсін».
ҚМГ БӨ-нің артықшылығы бар акцияларды сатып алу мерзімін 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартуы да, бәлкім, содан. Оған қоса, «акционерлер тарапынан өтініштің көп түсуі де» әсер етуі мүмкін.
«Артықшылығы бар акция иелерінің арасында компания жекешелендірілген кезде сатып алғандар бар. Сондықтан олардың ішінде қайта сатуға қатысу үшін құжат дайындаумен айналысып жатқандар бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Алайда бүгінгі күні қалыс қалғандардың жалпы санында олардың қанша екенін айту қиын», — дейді «Сентрас Секьюритиз» басшысы.
Ал біз өз тарапымыздан жаңартылған акциялар саны негізінде ҚМГ БӨ-нің жай және артықшылығы бар акцияларының ағымдағы баланстық құнын есептеп көрейік.
Өз есебінде ҚМГ БӨ жай және артықшылығы бар акциялардың баланстық құнын ашып көрсетеді. Ол екеуі үшін де бірдей болғандықтан, « жалпы баланс құны» деп атаймыз. Біздің талдауымыз көрсеткендей, биржа талабына сәйкес, артықшылығы бар акцияның баланстық құны сол акция иелерінің үлесіне тиесілі капиталға сүйеніп есептеледі. Тиісінше, акцияның номиналдық құнына жақын болуы қажет. Мәселен, көптеген компаниялардың Қазақстан қор биржасына шығарылған артықшылығы бар акцияларының баланстық құны жай акцияға қарағанда анағұрлым төмен. Тиісінше, биржадағы артықшылығы бар акциялар жай акцияларға қарағанда дисконтпен саудаланады.
ҚҚБ дерегінше, «Қазақтелеком» АҚ жай акциясы 30 050 теңгеге саудаланады. Ал артықшылығы бар акциясы 12 102 теңге тұрады. Сәйкесінше, жай және артықшылығы акциясының баланстық құны — 34 209 және 8 893 теңге.
Төменде Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енген кейбір компанияларға қатысты мәлімет келтірілді:

Біздің ойымызша, ҚМГ БӨ мен өзге компаниялардың артықшылығы бар акцияларының баланстық құны арасындағы айырмашылық есептеу саясатымен немесе акцияларды сатып алу кезіндегі құнын белгілеу әдістемесімен байланысты.
Жүргізілген талдауға сүйенсек, ҚМГ БӨ жай және артықшылығы бар акцияларының «жалпы баланстық құны», бөлшектеуді есепке алғанда, 1600 теңгені құрайды.
Осыған орай, ұсыныс мерзімін ұзарту жеке инвесторлардың басым бөлігі үшін компания капиталынан тартымды бағамен шығуға соңғы мүмкіндік. Ал «ҚазМұнайГаз» еншілес компаниясының 95,5 пайыздай акциясын өзінде шоғырландырғанын есепке алсақ, кесімді сөз компания құзырында.