jasqazaq.kz

ҚМА: «ҚазТрансГаз Аймақ»-тың Жезқазған филиалы басшысына қатысты тергеу басталды

12 қантар 2024, 11:20

Қаржылық мониторинг агенттігі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ұлытау облысындағы екі елді мекеннің тұрғындары Агенттіктің аумақтық Департаментке шағымданған. Агенттік қызметкерлерінің араласуынан кейін халық көгілдір отынға қолдануға мүмкіндік алған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қабанбай батыр кенті мен Талап ауылында ұзақ уақыт бойы газ тарату желісінің жабдығына қосылу мүмкіндігі болмаған. Ал «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы азаматтардан 70-тен 300 мың теңгеге дейін ақшалай сыйақы сұраған.
«Олар бұл қаражатты тұрғын үйлер мен шаруашылық объектілерін газдандыру бойынша монтаждау жұмыстарының сапасын тексермей, кедергісіз қабылдау үшін талап еткен. Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қазіргі уақытта аталған елді мекендерді газдандыру мәселесі шешілді, тұрғындардың үйлеріне табиғи газ жеткізілді», — делінген хабарламада.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі