jasqazaq.kz

ҚМА биыл 300 мыңнан астам азамат зардап шеккен 5 заңсыз микроқаржы ұйымының қызметін тоқтатты

25 маусым 2025, 10:52

Қаржылық мониторинг агенттігі заңнама талаптарын айналып өтіп, азаматтарға несие ұсынатын заңсыз микроқаржы ұйымдарының жолын кесу бағытында жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Мұндай ұйымдар заңды несиелеу түрінде қызмет көрсеткенімен, шын мәнінде қарыз алушыларға түрлі қосымша төлемдер мен пайыздарды, сақтандыру жарналарын міндеттеп жүктейді. Бұл әдістер арқылы олар сыйақы мөлшерлемесіне қатысты заңмен белгіленген шектеулерді айналып өтеді.

Нәтижесінде азаматтар өзіне жүктелген қарызды бірнеше есе көп процентпен төлеуге мәжбүр болып, қаржылық қиындыққа тап болады.

«2025 жылдың басынан бері Агенттік 5 заңсыз микроқаржы ұйымының қызметін тоқтатты. Бұл ұйымдардан 300 мыңнан астам азамат зардап шеккен, олардың жалпы артық төлем сомасы 71 млрд теңгеден асқан», — делінген ҚМА таратқан хабарламада.

Қарыз алмас бұрын, оның барлық шарттарын мұқият оқып, түсініп алыңыз. Әрбір азаматтың не үшін төлем жасап жатқанын білуге толық құқығы бар.

Заңды МҚҰ (микроқаржы ұйымдары) «Тексерусіз» және «барлығына беріледі» деген уәделермен жұмыс істемейді.

Есіңізде болсын: қаржылық сауаттылық – алаяқтықтан қорғанудың ең сенімді жолы.

Сурет: Видеодан кадр

 

 

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы