jasqazaq.kz

ҚҚС туралы ұсыныс таяу күндері Парламентке енгізіледі

19 ақпан 2025, 12:30

Қосымша құн салығы бойынша ұсыныстар бүгін-ертең Парламентке енгізіледі, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Азамат Әмрин бүгінгі баспасөз мәслихатында осы мәселе бойынша талқылау аяқталғанын мәлімдеді.
Вице-министр: «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 6 жұмыс тобы бүкіл өңірлерді аралап, бизнеспен, кәсіпкерлермен кездесіп шықты. Сол кездесулерде айтылған ұсыныстарды қазір талдап жатырмыз. Бүгін-ертең ұсыныстарды Парламентке енгіземіз», — деді.
Оның айтуынша, аймақтарды аралап, талқылау нәтижесінде ҚҚС мөлшерлемесін 16 пайыз етіп белгілеу туралы шешім қабылданған. Ауыл шаруашылығы үшін ҚҚС мөлшерлемесін 0 пайыз ету, керісінше, ҚҚС-ын қалдыру жөнінде ұсыныстар айтылған. «Сондықтан біз оны ерікті етуді жоспарлап отырмыз. Ауыл шаруашылығының өкілдері ҚҚС төлегісі келсе, төлейді. Денсаулық сақтау саласы үшін ҚҚС мөлшерлемесі 10 пайыз болады. ҚҚС салудың ең төменгі шегі 15 млн теңге деңгейінде қалады. Ол мәселе бойынша түрлі нұсқалар айтылды. Бірақ кәсіпкерлердің көбі осы шек керек екенін айтты», — деді вице-министр.

JQ-Aqparat

Фото: Үкімет

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі