jasqazaq.kz

ҚҚС – 16 %: Салық кодексі Сенатқа өтті

30 сәуiр 2025, 14:44
zakon.kz

zakon.kz

Бүгін Мәжілісте жаңа Салық кодексі және салық мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Жаңа Салық кодексінде қосымша құн салығы (ҚҚС) бастапқы ұсынылған 20 пайыздан 16 пайызға дейін төмендетілді. Ал ҚҚС бойынша міндетті тіркеудің шегі 15 миллионнан 40 миллион теңгеге дейін көтерілді.
Дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге ҚҚС-ның төмендетілген мөлшерлемесі енгізіледі. 2026 жылдан бастап 5 пайыз және 2027 жылдан бастап 10 пайыз болады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті медициналық сақтандыру, сирек кездесетін және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу аясындағы тауарлар мен қызметтер ҚҚС төлеуден босатылады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен отандық басылымдарды, сондай-ақ баспа түріндегі кітаптарды басып шығару қызметтерін ҚҚС төлеуден босату жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатымен қосымша есепке жатқызуға ҚҚС сомасы 70 пайыздан 80 пайызға дейін көбейтілді.

Оңайлатылған декларацияны реформалау аясында рұқсат етуші тізімінің орнына тыйым салынатын тізімі енгізілді. Мәслихаттардың өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып ±50%-ға дейін түзету мүмкіндігімен 4 пайыздық бірыңғай мөлшерлеме белгіленді. Кәсіпкерлік субъектілері арасындағы операцияларға арнаулы салық режимін қолдану кеңейтілді.
Ойын бизнесі мен банктер үшін корпоративті табыс салығы мөлшерлемесі 25 пайызға дейін көтеріледі. Ал банктер үшін кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуден түсетін кірістер бойынша мөлшерлеме 20 пайыз деңгейінде қалды.

Сондай-ақ жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізіледі:
– жалақы бойынша: 8500 АЕК-ке дейінгі табысқа – 10% (жылына 33,5 млн теңгеге дейін), одан жоғары болса – 15%;
– дивиденд түріндегі кіріс үшін: 230 000 АЕК дейін – 5% (1 млрд теңгеге жуық) және одан жоғары болса – 15%;
– резидент емес жеке тұлғалардың кірістері үшін: 600 000 АЕК дейін – 10%, одан жоғары болса – 17%.

JQ-Aqparat

Бүгін, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры