jasqazaq.kz

ҚХА тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетуде

03 сәуiр 2024, 20:19

Бүгін Астанадағы Достық үйінің ғимаратында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша Қазақстан Халқы Ассамблеясының республикалық және өңірлік штабтарының бірлескен онлайн отырысы өтті.
Отырысқа ҚХА төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Парламент Сенатының депутаттары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде ҚХА өңірлік штабтарының жұмысын үйлестіру мәселелері қаралды.
Айта кеткен жөн, қазір барлық өңірлердегі Достық үйлерінде штабтар, волонтерлік орталықтар және гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда гуманитарлық көмекке 30 млн теңгеден астам қаржы жиналды.

Сондай-ақ зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы іске қосылды. Жоба аясында «Ассамблея жастары» ұйымы, еріктілер орталықтары және ҚХА-ның белсенді мүшелері су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арнайы көмек көрсетеді. Гуманитарлық жүктерді жөнелту жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін Қарағанды және Ақмола облыстарына көмек жіберілді.

JQ-Aqparat

 

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі