jasqazaq.kz

ҚХА су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуін жалғастырады

08 сәуiр 2024, 18:14

Бүгін Астанадағы Достық үйінің ғимаратында «Жүректен жүрекке» акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша ҚХА-ның республикалық және өңірлік штабтарының кезекті бірлескен онлайн отырысы өтті.
Отырысқа ҚХА Төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Парламент Сенатының депутаттары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері қатысты.


Аталмыш жиында ҚХА өңірлік штабтарының жұмысын үйлестіру және «Жүректен жүрекке» жобасының іске асырылу барысы мәселелері қарастырылды.
Бұған дейін «Жүректен жүрекке» жобасы аясында гуманитарлық көмек Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарына жіберілді. Бүкіл ел бойынша ҚХА-ның 9,8 мыңнан астам еріктілері жұмылдырылды. Бүгінгі таңда ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері тарапынан 212,3 тонна азық-түлік және алғашқы уақытта қажетті заттар жіберіліп, сондай-ақ 253 млн теңгеден астам сомаға қаржылық көмек көрсетілді.
ҚХА еріктілері зардап шеккен тұрғындарға тұрақты түрде көмек көрсетіп және жүктерді жеткізіп, таратады. Құтқарушыларға жәрдемдеседі және су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы маңызды ақпараттарды жариялайды. Сонымен қатар, құтқарушылар мен еріктілер үшін жергілікті жерлерде ҚХА тарапынан ыстық тамақ ұйымдастырылады.
Естеріңізге сала кетейік, барлық өңірлерде ҚХА Достық үйлерінің негізінде гуманитарлық көмек жинау пункттері жұмыс істейді. Онда әрбір адам азық-түлік, қажетті киім-кешек және т.б. заттарды тапсыра алады.
JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі