jasqazaq.kz

«Қазына» ансамблі — Шымқаланың өнердегі шамшырағы

21 қантар 2024, 23:44

Мәуелі мәдениетіміздің мерейін өсіріп, ұлттық бидің бағын асырып жүрген “Қазына” ансамблі қашанда халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді. Республикалық және халықаралық додаларда биік белестерді бағындырған жетістігі зерттеп, зерделеп жазуды талап ететін тың ететін тың тақырып.

Елімізге һәм әлемге танымал ұжым бүгін Шымкентте өнерсүйер қауымға арнап ерекше іс-шара өткізді. Көрерменге сахналық бейненің шығу тарихы, қойылым идеясы туралы мағлұмат берілді. Ұлттық киім көрсетіліп, дизайн мен шебер жайында әңгіме айтылды.
Айтулы ансамбль құрылғанына 35 жыл толуын кең көлемде атап өтеді. Шаһар төрінде өткен іс-шараны мерейтойдың бастауы деуге болады. Би тобының бас балетмейстері Зәуре Оралова атап өткендей, мерейтойлық іс-шаралар елімізбен қатар шетелдерде де ұйымдастырылады.

“Біздің мақсатымыз — “Қазына” ансамблін құрған мамандардың бай тәжірибесімен бөлісу, жергілікті қолөнер және ұлттық киім тігетін ісмерлердің бұйымдарын қалың көпшілікке таныстыру”- дейді бас балетмейстер.

Бүгінде төрткүл дүниеге мәшһүр “Қазына» би ансамблі 1986 жылы Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы мәдениет институтының қабырғасында дүниеге келді. Би тобының алғашқы жетекшісі – Сәуле Балбарақова, ал көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, марқұм Мұса Жарқынбеков болған. Қазіргі таңда ансамбльдің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты Зауре Бекембайқызы.


Өнер ұжымы хабарлағандай, “Қазына» би ансамблінің құрылғанына 35 жыл толуын атап өту аясында ұжымның шығармашылық даму жолын айшықтау, би қойылымдарында тақырыпты ашу, сахналық бейнені қалыптастыруда кәсіби біліктілік пен шеберлікті шыңдау, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін би өнері арқылы қайта түлетуді көздейтін ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
Бүгін, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
Бүгін, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды