jasqazaq.kz

Қажыға апарам деп әуре еткен компания басшысы қамауға алынды

16 сәуiр 2023, 14:09

Шымкент қаласының прокуратурасы қажылық сапарға апарамын деп жұртшылықты әуре-сарсаңға салған кәсіпкердің қамауға алынған мәлім етті. Күдіктінің үстінен Еңбекші ауданының полиция басқармасы іс қозғаған.
«Шымкент қаласының тұрғындары «Kausar Travel» туристік агенттігінің директорына алаяқтық фактісі бойынша шара қолдану туралы ұжымдық өтінішпен жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша күдікті Шымкент қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қала прокуратурасы қылмыстық істің материалдарын және ұстаудың негізділігін зерделеп, тергеу органының сот алдында қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішін қолдады. Сот қарауының қорытындысы бойынша күдікті адамға қатысты таңдалған бұлтартпау шарасына санкция берілді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайтыны» жазылған шымкент қалалық прокуратурасының хабарламасында.
Бұған дейін жүзге жуық адам қажылық сапар ұйымдастыратын
«Kausar Travel» туристік агенттігінің қызметіне көңілі толмай шағымданғаны айтылған. Арызданушылар арасында тек Шымкент қаласының тұрғындары ғана емес, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы қалаларының да тұрғындары туристік компанияға қаржысын құйып, қажылық сапарына аттана алмай қалған.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата