
АҚШ ақырзаманға дайын. Мұнда топан судан құтқаратын Нұх пайғамбардың алып кеме соғылып, ішіне тіршілік иелерінен бір-бір жұптан толтырылды.
Аңыз әңгімелерде айтылып жүрген алып кеме осы. Нұх пайғамбардың соққан кемесімен бірдей. Ұзындығы-155 метр, ені-26, ал биіктігі-15 метр. Тек бұл алып аттракцион қызметін атқармақ. Алайда, аңызға еліктегендер оны көріп ақырзаманға одан сайын сене түскен. Өйткені, кеме тура Нұқ пайғамбар жасағандай жануарларға толтырылыпты. Алып құрылысты діндарлар соққан. Аңыздарда айтылатын, Қазғұрттың басында қалған кемені америкалықтар енді Кентукки штатында деп қалжыңдап жүр.