jasqazaq.kz

Қазбек Майгелдинов: Қоғамдық белсенділік бір бөлек, депутаттық басқа

13 сәуiр 2023, 12:32

 

Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы Қазбек Майгельдинов Stan.kz ақпарат агенттігіне жаңа сайланған мәжіліс депутаттары ішінде кімдерден нәтижелі жұмыс күтуге болатынын айтты. Оның пікірнше, Парламентке саяси партиялар арқылы сайланғандар белсенді. Ал бір мандаттық округ бойынша мажоритарлы жүйемен келгендерге күмән бар.

Сарапшы VIII шақырылым депутаттарын 2 топқа бөлуге болады дейді.  Бірінші топта 6 саяси партия арқылы сайланғандар, екіншісі — бір мандаттық округ бойынша сайланған 29 депутат. Дәл қазіргі уақытта партиялар ұсынған мәжілісмендердің белсенділігі жоғары көрінеді.

«Әрине, әрбір партия өздерінің ішкі сапалық құрамын жаңартуға тырысты. Оның ішінде жаңадан өткен «Жалпыұлттық социал демократиялық» партиясы төрағасымен бірге келді. Одан бөлек «Ауыл» партиясы, жаңа құрылған «Республика» партиясы. Бұлар — алғаш рет Мәжіліске өткен партиялар. Олардың белсенділігін бірінші жартыжылдқта көретін боламыз деп ойлаймын. Өйткені депутаттық мандат алмай тұрып, олар қоғамда нақты белсенділік көрсете алды. Бірақ дәл қазір саяси аренада қандай да бір жұмыстармен байланыстыра айту әлі де ерте сияқты. Себебі қоғамдық белсенділік бір бөлек, депутаттық белсенділік басқа».

«Аманат» партиясының тізімінде мен айтар едім, БАҚ-та да, саяси алаңдарда да түйткілді мәселелер бойынша өз пікірін айта алатын нақты азаматтар бар. Мысалға, Мақсат Толықбай, Ринат Зайытов, Айдос Сарым, Ерлан Саиров. Соңғы екі депутат бір жарым жылда жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Әсіресе, шығыс аймақтар бойынша атқарылған іс көп.

Сонымен қатар Президенттің сенім Кеңесі аясында саяси реформалар пакетін құруға қатысқан болатын. Бұл тұрғыда олар қандай да бір саяси тәжірибесі бар азаматтар. Жаңа келген Мақсат Толықбай, Ринат Зайытов, Абзал Құспан мырзалардан да алда жақсы нәтиже күте аламыз. Абзал Құспан — заңгер. Заң шығарушы орган болғаннан кейін Парламентте сапалық тұрғыдан жұмысы өте қажет-ақ. Одан бөлек, Марат Тәшімовты айтар едім. Өйткені бұл азамат конституциялық заңнама аясында өзгерістерге де өз үлесін қосқан болатын. Жаңаөзендік мұнайшылар келген кезде де осы Мақсат Толықбай, Ринат Зайытов, Ермұрат Бапи мырзалар алғашқы болып барып, халықпен сөйлесіп, өздерінің кризис менеджерлік қасиетін көрсетуге тырысты», — дейді саясаттанушы.

Дегенмен саясаттанушы бір мандаттық округ бойынша сайланған депуттардан көп үміт күте алмайтынын жеткізді. Тіпті олардың үні әлі шыққан да жоқ деп отыр.

«29 мандаттық округ бойынша келген азаматтардың ішінде нақты белсенділері бар деп айта алмаймын. Қазіргі уақытта олардың белсенділігін түк көрмей отырмыз. Әрі күмәнім бар ол азаматтарға. Тіпті олардың ішінде қандай да бір белсенділік көрсете алатыны немесе саяси тәжірибесі бары мынау деп айта алмаймын. Әсіресе Ұлытау облысында Ерболат Сатыбалдин мырза сайлау алды науқан кезде де ешқандай белсенділік танытпаған болатын. Дебаттарға шыққан жоқ, өзін көрсете алмады. Одан бөлек «Қазақмыс» сияқты ірі компаниялардың лоббисі ретінде келіп отырғаннан кейін қаншалықты ертең халық талабын қорғай алады дегенде күмәнді сұрақтар бар».

«Сондықтан осы VIII шақырылым депутаттары қазіргі таңда тек қана ашық және естуші мемлекет қағидасына сай халықпен тікелей сөйлесе алатын, коммуникация құра алатын және халық сауалдарына, талаптарына сай келетін болуы үшін бірінші күннен белсенділік көрсетуі керек еді. Өкінішке орай өңірлерден келген депутаттардың мұндай сынақтан өте алмай жатқанын көріп отырмыз. Бұл әрине қоғам тарапынан, халық тарапынан тек қана кері сыни пікірлерді ғана қалыптастырады», — дейді Қазбек Майгельдинов.

Олжас Нұржақып,

Stan.kz

 

 

 

 

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата