jasqazaq.kz

«Қазавтожол» «Самара-Шымкент» автожолындағы көпірді қалпына келтірді

30 наурыз 2024, 13:51

«ҚазАвтоЖол» мамандары бір тәуліктің ішінде «Самара-Шымкент» автожолы бағытындағы көпірді қалпына келтірді.

2024 жылғы 28 наурызда кешкі уақытта еріген қар суының салдарынан халықаралық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1132 шақырымындағы көпірге жақындаудың оң жақ бөлігін су алып, уақытша қозғалыс шектелді.

2024 жылғы 29 наурызда аталмыш мәселені дереу шешу мақсатында Ақтөбе облыстық «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ филиал мамандары көпірді қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Жұмыс барысында 12 бірлік плита мен 100 метрлік қисық сызықты діңгектер демонтаждалып, 5000 тонна ірі қиыршықты тас әзірленді. 31 маман мен 65 самосвал, 4 погрузчик, 1 автокран, 1 трал және 1 грейдер жұмылдырылды.

Ұйымдасқан жұмыстың нәтижесінде мамандар бір тәулік ішінде көпірді қалпына келтірді. Қазіргі таңда көлік құралдары үшін қозғалысты ашу жоспарланды.

JQ-Aqparat

Сурет: otyrar.kz

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі