jasqazaq.kz

«ҚазАвтоЖол»-ға 1,3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

21 тамыз 2024, 10:44

Батыс Қазақстан облысы аумағы арқылы өтетін халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарға жүргізілген көктемгі кешенді зерттеу нәтижелері бойынша көптеген кемшілік анықталды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, шұңқырлар мен ойықтар, жолдың шөгуі, сондай-ақ жол белгілерінің болмауы көлік қозғалысына тікелей әсер етеді.
«Осыған байланысты БҚО полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының атына орындау мерзімдерін белгілей отырып, кемшіліктерді жою туралы нұсқама жолдаған болатын. Алайда қайтадан тексеру кезінде кемшіліктердің жойылмағаны, нұсқамалардың орындалмағаны белгілі болды. Сондықтан аталмыш филиалға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалып, сот тәртібімен 1 млн 292,2 мың көлемінде айыппұл салынды. Жалпы, биыл жеті айдың қорытындысы бойынша БҚО полиция департаментінің бөліністері жолдарды тиісінше күтіп ұстамағаны үшін 160 лауазымды қызметкерді, соның ішінде 70 бірінші басшыны әкімшілік жауапкершілікке тартты», — деп хабарлады ведомстводан.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі