jasqazaq.kz

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова — 95 жаста

16 желтоқсан 2024, 20:15

Бүгін, 16 желтоқсанда аты аңызға айналған опера әншісі, актриса, педагог Бибігүл Төлегенова туған күнін атап өтті. Биыл халық әртісі, «Отан» орденінің иегері  95 жасқа толды.
Бибігүл Ахметқызын осындай айтулы күнмен құттықтауға Алматы әкімі Ерболат Досаев келді. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды.


Президент құттықтау хатында ұлттық мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан көрнекті өнер қайраткерінің еңбегін атап өтіп, оның өнері жас ұрпаққа  шабыт беріп, ел мақтанышына айналғанын жеткізді.
«Ұзақ жылғы жемісті шығармашылық жолыңыз Сізді абырой биігіне көтерді. Еліміздің алтын қорына мол мұра қалдырдыңыз. Өнегелі де өнерлі шәкірттер тәрбиелеп шығардыңыз. Ерен еңбегіңіздің жоғары мемлекеттік наградалармен, мәртебелі атақтармен және айрықша сыйлықтармен аталып өтуі – зор мерей», — делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
Бибігүл Ахметқызы жылы лебіздер үшін алғысын білдіріп, барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 21 желтоқсанда сағат 15:00-де Алматыдағы Республика Сарайында Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына арналған салтанатты концерт өтеді.
Бағдарламада Бибігүл Ахметқызының шығармашылығы шабыт берген, өздері де жетекші жұлдызға айналған көрнекті әртістердің орындауындағы классикалық және қазақ музыкасының ұлы туындылары орындалады.
Биыл «қазақтың бұлбұлы» атанған әншінің мерейтойы аясында Қазақстан бойынша 150-ге жуық іс-шара өтті. Концерттер, көрмелер, музыкалық кештер, дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастырылды.
JQ-Aqparat
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі