jasqazaq.kz

«Қазақтелекомға» тиесілі қай ұялы оператор сатылады?

18 қантар 2024, 13:30

Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиынға қатысушылар «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын демонополизациялау барысын талқылады. Нақты айтқанда, мобильді операторлардың бірін бәсекеге қабілетті нарыққа шығару процесі қарастырылды. Қазір әлеуетті шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқан көрінеді.

Бұл қадам халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, телекоммуникация саласының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
Премьер-Министр бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Өткен жылғы қарашада цифрлық даму министрі Бағдат Мусин 2024 жылы «Қазақтелеком» құрамынан бір ұялы оператордың шығатынын мәлімдеген болатын. «Қазір екі оператор да (Kcell и Tele2) қарастырылып жатыр. Біреуі сатылады. Менің тарапымнан айтылған сөз бағалау мен сауда-саттыққа әсер етуі мүмкін, сондықтан пікір айтудан бас тартамын», — деген болатын.
Айта кетейік, «Қазақтелекомға» Tele2/Altel-дің 100 пайыз және «Кселл» байланыс операторының 51 пайыз акциясы тиесілі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі