jasqazaq.kz

Қазақстанның ең қарт тұрғыны референдумда өз таңдауын жасады

06 қазан 2024, 12:58

114 жастағы Түймегүл Темірбаева АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.

Кейуана таңдауын үйінде жасады. Ол үшін референдум учаскесінің өкілдері кейуананың үйіне арнайы келді.

Айта кетейік, дауыс беру күні тізімге енгізілген референдум учаскесіне келуге мүмкіндігі жоқ Қазақстан азаматтары учаскеден тыс дауыс бере алады. Бұған денсаулық жағдайы, отбасында науқас адамға күтім жасау, референдум учаскелері шалғай және жетуі қиын жерлерде болуы негіз бола алады. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру кезінде тасымалданатын урнаны комиссияның екі мүшесі алып жүреді. Бұл ретте азаматтың дауыс беру құпиясы міндетті түрде сақталады.

Kazinform хабарлағандай, 114 жастағы Түймегүл Темірбаеваүа комиссия мүшелері сағат 11:00-де келді.

– Қазақстанның әрбір тұрғыны өзінің азаматтық борышын орындауы тиіс. Жасына қарамастан. Сондықтан мен де дауыс бердім. Еліміз жарқын болсын! Аспанымыз ашық болсын!, — деп батасын берді Түймегүл Темірбаева.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі