jasqazaq.kz

Қазақстандық садақшылар Азия кубогында жеңіске жетті

28 маусым 2025, 21:03

Қазақстандық садақшылар Азия кубогының кезекті кезеңінде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар ұлттық құраманың бірнеше мүшесі жүлдегерлер қатарына енді. Бұл-еліміздің садақ ату спорты саласындағы жүйелі жұмыстың, спортшылар мен жаттықтырушылардың тынымсыз еңбегінің жемісі.

Садақ ату — халқымыздың тарихи және рухани мұрасы. Ата — бабаларымыз үшін
садақ — ерлік пен намыстың, тәртіп пен дәлдіктің нышаны болған. Бүгінгі жеңіс — ұлттың тарихи жадымен тікелей сабақтас, ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухтың көрінісі.

Сондай-ақ, осы салаға ерекше назар аударып келе жатқан Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің марапатталуын Федерация еліміздің спорт саласына көрсетілген жоғары сенім мен қолдаудың белгісі деп бағалайды.

Қазақстан Республикасының Садақ ату федерациясы барлық жеңімпаздарды, жүлдегерлерді, жаттықтырушылар мен команданың барлық мүшелерін шын жүректен құттықтайды. Бұл — ұлттық рух пен бірліктің жеңісі.

Сурет: Садақ ату федерациясы

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы