jasqazaq.kz

Қазақстандық ламинатталған ағаш-жаңқа плитасын өндірушіге пресс-станок сатып алуға жұмсалған шығындары өтелді

27 маусым 2025, 16:10

Кәсіпорын шығындарын өтеу – өндірістік шығындарды азайтып, олардың әрі қарай дамуына серпін беретін мемлекеттік қолдаудың негізгі тетіктерінің бірі. Осы бағытта «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы кәсіпорындарға еңбек өнімділігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу, технологиялық жабдық сатып алу және өнімді ішкі нарыққа ілгерілету кезіндегі жұмсалатын шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік ынталандыру шараларын жүзеге асырады.
Lam.Tech компаниясы – ламинатталған ағаш-жаңқа плитасын өндіретін қазақстандық кәсіпорын. Аталмыш кәсіпорын QazIndustry арқылы мемлекеттік ынталандыру шараларына қатысып, жоғары технологиялық жабдық сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеуге мүмкіндік алды.
Өнімділікті арттыру және өнім түрлерін көбейту мақсатында ыстық ламинацияға арналған пресс 2024 жылы сатып алынды. Жабдық пен оны жеткізуге салынған жалпы инвестиция көлемі 384 мың АҚШ долларын құрады. Бизнеске арналған мемлекеттік ынталандыру шараларының арқасында кәсіпорын бұл желіні сатып алуға кеткен шығындарының 60 миллион теңге көлеміндегі қаржыны өтеп алды. Компания өтелген қаражатты өндірісті одан әрі жаңғыртуға бағыттады.
Заманауи пресс-станок жабдығын орнату кәсіпорынға айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Біріншіден, кәсіпорын текстурасы бар ламинатталған ағаш-жаңқа плиталарын шығара бастады, бұл өнімге деген сұранысты айтарлықтай арттырды. Екіншіден, 20-дан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Үшіншіден, кәсіпорынның тәуліктік өндірістік қуаты 3 мың шаршы метрге жетті. Бұл өзгерістер ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттырып, табысты арттыруға жол ашты.
«Жабдыққа бағытталған стратегиялық инвестициялар мен мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында біз саладағы позициямды нығайтып, тұрақты өсімді қамтамасыз еттік. Қазір кәсіпорын ай сайын 350 мың шаршы метрге дейін ламинатталған ағаш-жаңқа плитасын шығара алады. Өндірісте 165 қызметкер жұмыс істейді», – деді өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Александр Ин.
Кәсіпорын алдағы уақытта заманауи технологияларды енгізіп, өнім түрлерін көбейтуді жоспарлап отыр. Lam.Tech компаниясының пікірінше, мемлекеттік қолдау – тұрақты өсімге бастар жол. Себебі шығындардың бір бөлігін өтеу инвестициялық жүктемені азайтып, жаңа өндірістік желіні іске қосу процесін жеделдетуге мүмкіндік берді.
QazIndustry технологиялық процестерді жетілдіру, өндірісті жаңғырту және өнімді ішкі нарыққа ілгерілету бағытында кеткен шығындардың 40-50 пайызына дейін (60 миллион теңгеден аспайтын көлемде) өтейтінін еске саламыз.
Шығындарды өтеу шарттарымен толығырақ https://qazindustry.gov.kz/ ресми сайтындағы «Бизнеске қолдау көрсету» бөлімінен танысуға болады немесе аптаның әр сейсенбі және бейсенбі күндері QazIndustry ғимаратында (Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогында) өтетін Ашық есік күндеріне келу арқылы білуге болады.
Анықтама телефоны: +7 (7172) 79 33 99 (ішкі 444).

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста