jasqazaq.kz

Қазақстанда “Заң мен Тәртіп” жаңа цифрлық сервисі іске қосылды

23 маусым 2025, 18:28

Қазақстанда “Заң мен Тәртіп” жаңа цифрлық сервисі іске қосылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Ішкі істер министрлігі “Заң мен Тәртіп” атты жаңа цифрлық сервисті іске қосты – енді азаматтар құқық бұзушылықтар туралы полицияға тікелей Egov Mobile қосымшасы арқылы хабарлай алады. Қосымшаның басты бетінде арнайы “Заң мен Тәртіп” түймесі пайда болды. Сол арқылы хабарламаны жедел жолдауға болады. Өтініш беру қарапайым әрі түсінікті. Қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы немесе балаға төнген қауіп сияқты жағдайлар туралы дабыл бірден полицияға түседі және полиция қызметкерлері хабарлама түскен сәттен бастап әрекет етеді. Осындай түймелер кейбір банк қосымшаларына да интеграцияланған, бұл сервисті кең аудитория үшін қолжетімді етеді. Жоба ІІМ жүргізіп жатқан ауқымды цифрландыру процесінің бір бөлігіне айналды. Мақсат – полиция мен азаматтар арасындағы өзара әрекеттестікті жеңілдету және жеделдету, жедел әрекет ету деңгейін арттыру және көмекті барынша қолжетімді ету.
Сервис тәулік бойы жұмыс істейді, өтініштер бүкіл ел аумағында қабылданады.

 

 

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы