jasqazaq.kz

Қазақстанда сталкинг үшін енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады

20 тамыз 2025, 9:51

Сталкинг үшін енді 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған, деп хабарлайды jasqazaq.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Бас прокуратура азаматтардың жеке бас бостандығын қорғау жөніндегі шараларды күшейту мақсатында және «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы Қылмыстық кодекске 115-1 — «Сталкинг» жаңа бабы енгізілген Заңға қол қойғанын хабарлайды.

Сталкинг — бұл адаммен қарым-қатынас орнатуға және (немесе) оның еркіне қайшы келетін, зорлық-зомбылықпен ұштаспаған, елеулі зиян келтірген әрекеттерді білдіретін адамды заңсыз қудалау.

Отандық заңнамада мұндай әрекеттер үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік алғаш рет көзделген.

Егер сталкинг зорлық-зомбылық, қорқыту, бопсалау, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзумен қатар жүрсе, іс-әрекеттер ҚК-нің басқа баптары бойынша қосымша сараланатын болады.

Сталкинг бабы бойынша қылмыстық қудалау нақты зиян болған кезде басталатынын білу маңызды — мысалы, жеке өміріне қол сұғылмау, еркін жүріп тұру құқықтарынаң шектеулері немесе психологиялық қысым көрсету.

Жауаптылықты енгізудің мақсаты –құрбандарды ерте кезеңде қорғау және зорлық-зомбылық пен агрессивті мінез-құлыққа мөлдем төзбеушілік қалыптастыру.

Өз құзыреті шегінде жүзеге асырылатын құқық қорғау органдарының заңды әрекеттері сталкинг белгілеріне жатпайтынын атап өткен жөн.

Бас прокуратура азаматтарды сталкингтің көріністеріне немқұрайлы қарамауға шақырады. Мұндай жағдай туындаған кезде дереу ішкі істер органдарына хабарласу қажет.

Сурет: Бас прокуратура/видеодан кадр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті