jasqazaq.kz

Қазақстанда промпт-инжиниринг бойынша тегін курс басталды: теориядан дайын AI-ассистентке дейін

03 қыркүйек 2025, 22:50

Курс туралы толық ақпарат пен қатысу шарттары Astana Hub платформасында қолжетімді.
«Промпт-инжиниринг негіздері» 15 академиялық сағаттан тұрады және 6 модульді қамтиды. Сабақтар толықтай онлайн форматта өтеді, ал курс мазмұнына тәулік бойы қол жеткізуге болады. Бұл қатысушыларға ыңғайлы кесте құрып, оқуды кәсіби қызметімен қатар алып жүруге мүмкіндік береді.

Курс бағдарламасы мынадай:

— Мамандықпен танысу. Промпт-инженер деген кім, оның міндеттері мен жасанды интеллект дәуіріндегі рөлі.
— Негізгі ұғымдарды түсіну. Үлкен тілдік модельдер (LLM) қалай жұмыс істейді, қалай үйретіледі және бизнесте қайда қолданылады.
— Промпт құрудың бастапқы дағдылары. Жүйелік промпттарды жасау және жасанды интеллектпен дұрыс әрекеттесу.
— Жетілдірілген тәсілдер. Нейрожелілермен жұмыс істеудің стратегиялары мен үлгілері, дайын промпт кітапханалары.
— Ассистент жасау тәжірибесі. Telegram-ботпен интеграцияланған, деректер базасы бар жеке AI-ассистент әзірлеу.
— Модернизация және жобалар. Ассистенттің мүмкіндіктерін кеңейту, Google күнтізбеге кіріктіру, жобаларды GitHub-та рәсімдеу.
Аталған курс Lerna компаниясымен серіктестікте әзірленді, бастама жасанды интеллектімен жұмыс істеудің жаңа дағдыларын меңгеріп, оларды тәжірибеде қолданғысы келетін жандареға арналған.
Бұл Astana Hub пен Lerna-ның алғашқы бірлескен жобасы емес. Былтыр қыркүйекте «ЖИ негіздері: ChatGPT» тегін курсы іске қосылып, қазақстандықтардың жасанды интеллект технологияларына деген қызығушылығын арттырған еді. Бүгінде курсқа 220 мыңнан астам адам тіркеліп, олардың 120 мыңнан астамы оқуды сәтті аяқтап, сертификат алды.
Оқыту Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған ауқымды AI Movement бастамасы аясында жүзеге асырылады. Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс» деп атап өткен болатын.

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті