jasqazaq.kz

Қазақстанда дәріхана фармацевтері жаппай жазаланып жатыр (Видео)

15 қантар 2025, 10:20

Полиция Түркістан облысының 48 жастағы тұрғынын ұстады. Ол дәріханалардан 2500-ге жуық «трамадол» дәрісін алған. Айта кетейік, бұл дәрі есірткіге жататын дәрі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы, ішкі істер органдары 2024 жылы үш рет «Дәрмек» атты операция өткізген. Сол шаралардың арқасында есірткіге жататын дәрілерді сатуға қатысты 38 қылмыстық және 633 әкімшілік заң бұзу фактілері анықталған.

«Оның ішінде заңсыз фармацевтикалық қызметтің 46 дерегі, дәрілік заттардың айналымы мен ережелердің бұзылуының 260 дерегі анықталды. 500-ден астам лауазымды тұлға, оның ішінде 226 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

Фармацевтерден бөлек, есірткіге жататын дәріні алып, көлігімен тасып жүрген 48 жастағы адам ұсталған. Ол Түркістан облысының тұрғыны. Тексеру кезінде дәріханадан жалған рецепт бойынша алынған 2500-ге жуық «трамадол» таблеткасы тәркіленді.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі