jasqazaq.kz

Қазақстанда ауыл медицинасын дамытуға 60,3 млрд теңге бөлінді

23 шiлде 2024, 12:01

Үкіметте Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен отырыста «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі  қаралды. Олжас Бектенов осы жылы аяқталатын Ұлттық жобаны іске асыру Үкіметтің басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

«Әкімдіктер барлық нысанның құрылыс жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу үшін күнделікті бақылауды күшейтуі керек. Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Жетісу және Алматы облыстары әкімдерінің назарын осыған аударғым келеді. Құрылыс маусымы, әсіресе солтүстік өңірлер үшін тез аяқталатынын ескеру қажет. Барлық объектілер белгіленген мерзімде пайдалануға берілуге тиіс. Бұл ретте құрылыс жұмыстарының нормативтік талаптарының сақталуын да қамтамасыз ету керек», — деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр сондай-ақ көпсалалы аудандық ауруханаларды жөндеу жұмыстарын жалғастыру және денсаулық сақтау ұйымдарын сапалы жарақтандыру үшін қажетті медициналық жабдықтардың тізбесін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Олжас Бектенов Ұлттық жобаны іске асыруға 60,3 млрд теңге бөлінгенін, оның 21 млрд теңгеден астамы өңірлерге берілгенін атап өтті. Қалған объектілерді қаржыландыру қосымша пысықталуда — осы мәселені шешуді жеделдету үшін бейінді ведомстволарға тиісті тапсырма берілді. Денсаулық сақтау министрлігінің алдына объектілерге олар аяқталғанға дейін тұрақты түрде барып, құрылыс барысына мониторинг жүргізу міндеті қойылды.

JQ-Aqparat

 

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі