jasqazaq.kz

Қазақстан-Түркменстан: мемлекеттік шекара режимі белгіленеді

05 сәуiр 2023, 12:49

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Келісімге 2021 жылғы 25 қазан күні Ашхабад қаласында мемлекеттердің Премьер-Министрлерінің орынбасарлары деңгейінде қол қойылған.

Келісімнің басты мақсаты – құқықтық негізді белгілеу және мемлекеттік шекарада Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынасты реттеу.

Келісімде Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимін белгілеу және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін одан ары нығайту қарастырылады.

Заң жобасын таныстырған Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов: «Мемлекеттік шекара режимі шекарада әрекет ететін ережемен келесі тәртіпті құрайды. Бірінші – мемлекеттік шекараны күтіп ұстау. Екінші – мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүк пен өзге мүлікті өткізу. Үшінші – мемлекеттік шекараның үстінен ұшуларды жүзеге асыру. Төртінші – мемлекеттік шекарада, шекаралық белдеулерде, сондай-ақ шекара суы шегінде шаруашылық және өзге де қызметтерді жүргізу. Бесінші – шекарадағы тосын оқиғаны шешу», — деді.

Келісім мерзімсіз саналады және тараптардың бірі өзге тарапты оның қолданысын тоқтату туралы ниетін дипломатиялық арна арқылы жазбаша түрде ақпарат бергенге дейін қолданыста болады.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде