jasqazaq.kz

Қазақстан – Түркия: кедендік рәсімдеу жеңілдейді

24 мамыр 2023, 11:51

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды. Екі ел арасында кедендік рәсімдеуді жеңілдету жөніндегі келісімге 2022 жылдың 10 мамырында қол қойылған болатын. «Келісім мемлекеттердің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтерді электрондық алмасу арқылы кедендік бақылауды жүргізудің тиімділігін арттыру және мерзімдерін қысқарту мақсатында жасалды. Құжаттың ережелеріне сәйкес екі елдің кеден органдары алдын ала мәліметтер алмасуды іске асыруға жауапты және тікелей байланыстарды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген құзыретті лауазымды адамдардың тізімін айқындайды. Сондай-ақ ақпарат алмасудың Техникалық шарттарын әзірлейді және пилот жобаны іске асыруға кіріседі. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін, кеден органдары мәліметтермен тұрақты негізде алмасуды бастайды», — деді Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. Бұл келісім мемлекеттер арасындағы кедендік рәсімдерді жеңілдетуге және оңтайландыруға бағытталған. «Аталған Келісімді ратификациялау еліміз үшін теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды», — деді ведомство басшысы.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі